USD
USD
USD

Шығыс Қазақстан облысында экология департаментінің басшысы сотталды

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының соты облыстық экология департаментінің басшысы Д. Әлиевке, жергілікті тұрғын М. Журкабаевқа және кәсіпкер К. Длюжевскийге қатысты үкім шығарды.

Сот шешімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлиев пара алғаны үшін, Журкабаев делдалдығы, ал Длужевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен шенеунік 4 жылға, қала тұрғыны – 1 жыл 6 айға, кәсіпкер – 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Алдын алу шаралары шеңберінде үкімді жариялау Экология комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен онлайн режимде өтті.

Қазір оқып жатыр

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар

Астанада қыз баланың үстіне құрылыс қоршауы құлады

Астанада баланың үстіне құлаған қаңылтыр

Шәкір Кейкин Атырау әкімі қызметінен кетті

Шәкір Кейкин