USD
USD
USD

Шиелі аудандық сотының төрағасы кімнен жасырынып жүр?

Қызылорда облысынан оқырманымыз хабарласып, Шиелі аудандық сотының төрағасы Марат Күздеубаевқа қатысты қызық жайтты хабарлады. Оқырманымыздың айтқанын «қызық» емес, «шыжық» деуге де болар...

Шиелі аудандық сотының төрағасы кімнен жасырынып жүр?
Фото: NEGE.kz

Қысқасы, былай: Шиелі аудандық сотының төрағасы Марат Күздеубаев әлденеден сескеніп жүргенге ұқсайды. Өйткені, күндіз мемлекеттік нөмірі «111 CS 11» қызметтік көлігімен жүреді, түнде де дәл сол көлікті мінеді, бірақ мемлекеттік нөмірі ауысып кетеді – «147 EVB 13».

Қайбір жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметтік көлікті жеке шаруасына мінетін мемлекеттік қызметкерлерді біраз тәртіпке салған. Осыдан кейін қызылордалық белсенділер де мемқызметкерлерді бақылап жүретін. Мемлекеттік нөмірді түнде ауыстырып алу – сол кезден қалған әдет болса керек, сірә.

Қызметтік көлік жұмыс уақыты аяқталған соң гаражда тұруы керек екенін тәптіштеп жатпай-ақ қояйық, Шиелі аудандық сотының төрағасы осы тәртіпті бұзғаны былай тұрсын, қызметтік көлігіне Шымкент қаласына тиесілі «13» санды нөмір таққан. Ал бұл нөмірдің иесі ...көз жұмған.

Бұл мәселеге байланысты Шиелі аудандық сотының төрағасы Марат Күздеубаевтың өзінен түсініктеме алу мүмкін болмағандықтан, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышевтың және Қызылорда облыстық Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтановтың атына ресми сауал жолдадық.   

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Шахтинскідегі өрт

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

ТЖ

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Трамп

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Тоқаев, Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики