Шиеліде жаңа туған шақалақ Қызылордаға тікұшақпен жеткізілді
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" әуе кемесінің экипажы кезекті рет шұғыл медициналық көмек көрсетуге атсалысты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі жазды.

Алматы, NEGE. Шиелі ауданынан Қызылорда қаласына жаңа туған сәбиді жедел жеткізу қажеттілігі туындады. Арнайы медициналық эвакуация барысында ұшқыштар кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Медициналық бригаданың мүшелері Назель Нұрғалиева мен Расұлбек Ахметов үйлесімді жұмыс істеп, сәбиді қауіпсіз әрі қысқа мерзім ішінде Қызылорда қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді.
Ведомствоның мәліметінше, сәби дәрігерлердің бақылауына алынып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
ТЖМ атап өткендей, "Қазавиақұтқару" ұшқыштары төтенше жағдайларда азаматтарға көмек көрсетуді тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеді.
Қазір оқып жатыр
«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

