USD
USD
USD

Шиелі балабақшасында 1,5 жастағы баланың денесі 25 рет тістелген

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы балабақшалардың бірінде 1,5 жастағы қыз баланың денесі тістелгені туралы ақпарат тарады.  

Баланы тістеген
Фото: instagram.com/kritikakyzylordyy

Алматы, NEGE. «Тәрбиешінің көмекшісі сыртқа горшок төгуге кетіп, балалар жалғыз қалады. «Сол уақытта болған жағдай» депті балабақша басшылығы. 1,5 жасар қызды 1 жас 3 айдан асқан бала тістегенін айтқан. Кішкентай баланың 25 рет жалғыз өзі тістеп, осындай залал әкелуі қисынға соқпайды. Сағат 12-де болған сорақылықты кешке дейін ата-анасына айтпау, алғашқы медициналық көмек көрсетпеу үшін қаншалықты жауыз болу керек? Бейнекамера болғанымен аяқасты ашпай, істемей қалыпты. Істемейтін камера неге керек? Ол кезде тәрбиешінің өзі қайда? Көмекші неге тастап кетеді баланы? Негізі заң бойынша балаға тәрбиеші қарау керек, көмекші емес. Бұл 1-2 минутта болған жағдай емес, кемі жарты сағат уақыт алады. Сонда шырқырап жылаған балаға бір адамның келіп қарамағаны ма?», – делінген Facebook пен Instagram әлеуметтік желісінің «Критика Қызылорда» парақшасында.

Сондай-ақ жазба авторы балабақшаны толық тексеруді, ата-анаға тиісті көмек көрсетуді, жауапсыз қызметкерлерді орнынан босатуды талап еткен.

Бұл мәселеге байланысты Шиелі аудандық білім бөлімі жауап берді.

– Жағдайға байланысты Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің 2025 жылдың 30 сәуірі №32 бұйрығына сәйкес мәселені зерделеу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылды. Топ тәрбиешісі және тәрбиешінің көмекшісін жұмыстан шеттету бойынша ұсыныс берілді. Мәселе Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің қатаң бақылауында болады, – делінген ресми жауапта.

Ал аудандық полиция бөлімі осы жағдайға байланысты шара қолданылғанын атап өтті.

– Балабақша тәрбиешісіне кәмелетке толмаған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін шара қолданылды. Сонымен бірге Қызылорда облысының Білім басқармасына тиісті ұсыныс жолданды. Қазір полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері профилактикалық бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп жауап берді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза