USD
USD
USD

Шетелге ақша шығарғандар тексеріліп жатыр

  Қазақстанда шетелге шығарылған капиталды қайтару бойынша 5 жұмыс тобы құрылды.

Шетелге ақша шығарғандар тексеріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір оның мүшелері қаражаттың көлемі мен қай елдерге жіберілгенін анықтап жатыр. Бас прокуратураның арнайы комиссиясы шетелдіктермен жасалған келісім-шарттарды зерттеп, қаржыны заңсыз жолмен шығарған азаматтарды іздестіреді. Ақша аударылған мемлекет өкілдерімен келіссөздер жүргізіледі. Келешекте мұндай жағдайларға жол бермеу үшін валюталық бақылауды Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктеу ұсынылды. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, кәсіпкерлерді капиталды қайтаруға ынталандыру мақсатында бірқатар шара қолға алынбақ.

Ерұлан Жамаубаев ҚР Қаржы министрі:

 Әр капиталдың өзінің шығу тегі бар. Әрбір капиталдың контракты бар. Заңды, заңсыз жолмен шыққаны бар. Арнайы премьер-министрдің басшылығымен комиссия жұмыс істеп отыр. 5 бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Сыртқа шыққан қаражат пен шығуға жол бермеу. Негізінен біз бизнеске, инвесторларға дұрыс заңды жағдай жасауымыз керек. Капиталды қайтарамыз заңсыз шыққан. Заңды шыққан капитал болса, ішке келуге мүмкіндік жасауымыз керекпіз. Ол капитал экономикамызға жұмыс істеуге жағдай жасауымыз керек.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер