USD
USD
USD

Шетелге саяхаттамақ болған ақмолалық тұрғын алаяққа алданып қалды

Шетелге саяхаттамақ болған ақмолалық тұрғын алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Саяхат
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Туристік жолдамамен алаяқтықты Ақмола облысындағы полицейлер тергеп жатыр.

Шетелде жазғы демалысты жоспарлау кезінде жағымсыз оқиға елордалық Қосшы қаласының тұрғынымен болды. Шілде айында ақмолалық азамат Instagram әлеуметтік желісінен шетелге турларды сату және ұсыну парақшасын байқап қалған. Содан қызығушылық танытқан әйел өзіне және отбасына Түркияға 1 296 000 теңге тұратын тур тапты. Сол күні өтініш беруші онлайн төлем жасаған. Ал сатушы жолдамалар клиенттің электрондық поштасына бір тәулік ішінде түсетінін айтқан. Алайда кейіннен ақмолалық тұрғын билеттерді де, ақшаны да алмаған.

Алаяққа тап болғанын білген әйел Қосшы қаласының полиция бөліміне жүгінді. Осы факті бойынша тергеушілер сотқа дейінгі тергеуді бастады, ал заттай дәлелдемелер ретінде хат-хабарламалар мен төлем туралы түбіртектер алынды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов