USD
USD
USD

Шетелдіктерге жер сату туралы фейк таратқан алматылық жазаланды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынып тасталды деген жалған ақпарат тарады.

Полиция
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. 

Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының талаптарына толықтай сәйкес келеді.

«Бұл ақпаратты тарату фактілеріне құқықтық тұрғыдан баға берілді. Алматы қаласының аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А. есімді азамат жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», – делінген хабарламада. 

Полиция департаменті азаматтар мен медиа қауымдастық өкілдерін тек ресми және тексерілген ақпарат көздерін пайдалануға шақырды. Сондай-ақ жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек