USD
USD
USD

Шетелдік туристер Шымкентті таңдады

EQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында Шымкент қаласына 20 950 шетелдік турист келген.

Турист
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл көрсеткіш еліміздегі үшінші мегаполиске халықаралық туристік аренада сұраныстың артып келе жатқанының айқын дәлелі.

Шымкентке ең көп туристер – Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Қытайдан келген. Атап айтқанда, биылғы алты айда Шымкентке Өзбекстаннан – 9 235, Ресей Федерациясынан – 3 286, ал Қытайдан 2360 турист саяхаттаған.

Өңірде туристер санының артуымен қатар, біржолғы төсек-орындар саны да айтарлықтай ұлғайып келеді. Мәселен, 2023 жылы төсек-орын саны 6058-ге жеткен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 542 орынға көп. 

«Өңірдегі туристер санының өсуі туристік инфрақұрылымды жақсартуға және қонақтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған елеулі жұмыстардың нәтижесі. Біз Шымкентті Қазақстандағы және шетелдегі жетекші туристік бағыттардың біріне айналдыру үшін жұмыс істейміз», - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі