USD
USD
USD

Шетелдік платформалар Қазақстан бюджетіне 118,4 млрд теңге салық төледі

Шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан бюджетіне жалпы 118,4 млрд теңге салық төледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

салық
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде қазақстандық пайдаланушыларға электрондық қызметтер көрсететін немесе интернет арқылы тауар сататын шетелдік компанияларды салық салу тетігі қолданылуда.

Бұл тетік тұтынушымен тікелей жұмыс істейтін жаһандық онлайн-платформаларға (B2C форматы) қатысты. Мұндай компаниялар Қазақстанда тіркелуге және қосылған құн салығын (ҚҚС) 12% мөлшерлемемен төлеуге міндетті.

Бүгінге 118 шетелдік резидент емес компания есепке қойылған, олардың қатарында әлемнің ірі платформалары бар.

2025 жылы тағы 20 компания қосылды, олардың ішінде:

  • Chess.com – шахмат әуесқойларына арналған халықаралық платформа;
  • OpenAI, L.L.C. – ChatGPT сервисінің әзірлеушісі;
  • Canva Pty Ltd. – онлайн-дизайн платформасы;
  • Microsoft Ireland Operations Limited – Microsoft компаниясының бөлімшесі;
  • Canyon Bicycles GmbH – кәсіби велосипед өндірушісі.

Салық қолданылғаннан бері шетелдік цифрлық компаниялар жалпы 118,4 млрд теңге төледі, соның 48,6 млрд теңгесі 2025 жылы түсті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 млрд теңгеге көп.

Ал, 2025 жылғы ең ірі салық төлеуші шетелдік компаниялар Valve Corporation (8,6 млрд теңге), Apple (8 млрд теңге), Temu (6,2 млрд теңге) болған. 

Қазір оқып жатыр

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

СІМ

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

.

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu