USD
USD
USD

Шетелдік азаматтан құны 3 млн теңге болатын гашиш тәркіленді

Полиция Қазақстан аумағында есірткі сатпақ болған шетелдіктен құны 3 млн теңге болатын гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Гашиш тәркіленді
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. Көкшетау қаласындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған заттарды өткізді деген күдікпен Тәжікстан Республикасы азаматының заңсыз қызметін тоқтатты.

Шетелдіктің жұмысқа орналасу мақсатында Қазақстан аумағына келгені алдын ала анықталды, алайда, басты мақсаты есірткіні тек Ақмола өңірінің аумағында ғана емес, көрші облыстарда да тарату болған.

Ұстау кезінде жедел қызметкерлер дилерден салмағы 965 грамнан асатын кірпіш түріндегі целлофан пакетін тауып, тәркіледі.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат гашиш есірткі құралы болып шықты, ал мұндай «кірпіштің» құны – 3 млн теңгеден асады. Өткізу фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу кезеңінде есірткі сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur