USD
USD
USD

Шетелдік әйел Қонаевта өзіне топтық зорлық жасалғанын мәлімдеді: күдіктілер ұсталды

Өзін Ресей азаматымын деп таныстырған 28 жастағы әйел өзін топтық зорлыққа ұшырағанын айтып, әлеуметтік желіде көмек сұрады.

әйел
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Оның айтуынша, оқиға 24 қыркүйек күні Қонаев қаласында болған. Әйел жергілікі полиция арызын қабылдағысы келмегенін айтып шағымданды. Оның сөзінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері түнімен үй маңын торуылдап, оқиғаға қатысты айғақтарды алып қоймақ болған және сараптамадан өтуіне кедергі келтірген.

«Полицияға арыз жазуға барғанымызда, қызметкерлер бізге арызды өздерінің айтуымен жаздырмақ болды. Маған бұл әрекетті жасаған қылмыскерлер полицейлерді түгел сатып алған», – деп мәлімдеді әйел видеоүндеуінде.

Алматы облысының полиция департаменті Қонаевтағы жағдайға байланысты түсініктеме берді. 

«Оқиғаға қатысты барлық уәж бен мән-жай мұқият тексеріліп, тиісті құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Бұған қоса, ведомство өкілдері ұсталғандардың полиция қызметкерлері екені туралы ақпаратты теріске шығарды.

«Күдіктілердің полиция қызметкерлері екені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», – деді полиция департаменті.

Тергеу Алматы облысы полиция департаментінің Тергеу басқармасына тапсырылған. Қазір тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция тергеу мүддесіне байланысты істің басқа мән-жайларын жариялаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.