USD
USD
USD

Шетелдіктер үшін ел аумағына кірудің жаңа ережелері бекітілді

2022 жылдың 15 қаңтарынан бастап Қазақстанға шет мемлекеттерден келетін барлық жолаушыларға (оның ішінде вакцинацияланған жолаушылар) COVID-19 тестісінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасын көрсетуі қажет.

Шетелдіктер үшін ел аумағына кірудің жаңа ережелері бекітілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай шешімді Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

Анықтама материал тапсырған күннен бастап 72 сағат бойы Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткенге дейін жарамды болып саналады. Анықтама ағылшын, орыс немесе қазақ тілдерінде болуы керек.  5 жасқа толмаған балаларға бұл талап қойылмайды.

COVID-19-ға ПТР тестінің теріс нәтижесі болмаған жағдайда жолаушылар, оның ішінде Қазақстан азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар ұшып шығу әуежайынан ұшаққа қабылданбайды.

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтамақ

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі