USD
USD
USD

Шетелдіктерден жол ақысына 800 АҚШ долларын алған такси жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды

21 мамыр күні Алматы халықаралық әуежайы маңында жеке такси қызметін ұсынатын ер адам өз көлігіне Үнді елінен келген туристерді отырғызып, қонақ үйге дейін мың теңгеге апарып тастаймын деген. 

Шетелдіктерден жол ақысына 800 АҚШ долларын алған такси жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Межелі жерге жеткенде ол туристерден 1 180 АҚШ долларын сұраған, бермеген жағдайда сөмкелерді қайтармаймын деп қоқан-лоқы көрсеткен. Сөйтіп шетелдіктер жүргізушіге 800 АҚШ долларын беруге мәжбүр болған.

Үнді азаматтары бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына шағым түсірді. Полицейлер 27 жастағы жігітті ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

Өз кінәсін толық мойындаған ол шетел азаматтарына келтірілген шығынды өтеп берді. 

Өз кезегінде шетелдік туристер Қазақстан полициясына алғыс білдірді. 

Такси жүргізушісінің көлігі жол жүру ережелерін бұзғаны үшін және төленбеген айыппұлына байланысты арнайы тұраққа қойылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі