USD
USD
USD

Шетелдіктер бұдан былай ЖСН-ді онлайн рәсімдей алмайды

Қазақстанға уақытша келген шетелдік азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін оффлайн режимде рәсімдей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шетелдіктер бұдан былай ЖСН-ді онлайн рәсімдей алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ААҚ баспасөз қызметі шетелдіктер еліміздің кез келген қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, ЖСН ала алатындығын атап өтті.

«Қазіргі уақытта бұл қызмет онлайн режимде қолжетімсіз. Шетелдіктер бұл қызметті кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, онлайн режимде алуға мүмкіндігі бар», - деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметінен ҚазАқпарат сауалына орай.

Айта кетерлігі, eGov сайтында қызметтің техникалық себептерге байланысты қолжетімсіз екендігі жазылған. Азаматтарға арналған үкімет келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, қызметтің таяу аралықта қолжетімді болатындығын атап өтеді.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев