USD
USD
USD

Шетелдік жұмысшыларға квоталар кеңейтілмейді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеке кәсіпкерлердің шетелдік жұмысшыларға квоталарды кеңейту идеясын қолдамайтынын білдірді.

Шетелдік жұмысшыларға квоталар кеңейтілмейді
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы. NEGE. «Мына мәселеге ерекше тоқталғым келеді. Жеке кәсіпкерлердің шетелдік жұмысшыларға арналған квоталарды кеңейту идеясын алға тартқанын дұрыс емес деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, қазақстандықтардың «жалақыны көтеруді талап етуіне немесе тиісті еңбекқорлық танытпауына байланысты» жаппай жұмысшы әкелу қажеттігі туралы әңгімені тоқтату керек.

«Елімізде жұмыс істейтін азаматтардың, әсіресе жастардың саны жеткілікті. Біздің ортақ міндетіміз – еңбек психологиясы мен идеологиясын енгізу», –деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші