USD
USD
USD

Шетелдік вакциналар Қазақстанда ақылы болады

Қазақстандықтар үшін шетелдік вакциналар ақылы болады. Тек елде өндірілген отандық тауарлар ғана тегін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Шетелдік вакциналар Қазақстанда ақылы болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министр Facebook-тегі парақшасына жариялаған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдан бастап ревакцинация Қазақстанда өндірілген вакциналармен жүргізілетінін атап өтті.

"Келер жылы қазақстандықтарға ревакцинация және жоспарлы вакцинация үшін тек қана QazVac пен "Спутник V" қолжетімді бола ма?"- деп сұрады журналист.

"Қазақстанда басқа елдерден тәуелсіз клиникалық жағынан тиімділігі дәлелденген өз вакцинамызды шығара аламыз деп болжап отырмыз. Біз бұл вакцинаны тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында сатып аламыз. Қалған вакциналар тұмауға қарсы вакцина сияқты нарықта коммерциялық айналымға жіберіледі. Қазір компанияларды Қазақстан нарығына вакцина жеткізіп, өз қызметтерін ұсынуға үгіттеп жатырмыз. Қосымша ақылы негізде болады, қазір компаниялар бұл істі пысықтап жатыр", - деді Цой.

Алексей Цой мысал ретінде келтірген тұмауға қарсы вакцинация әлсіз топтар үшін ғана тегін жүргізіледі. Қалғандары ақылы негізде екпе ала алады. 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі елде алғашқы вакцинация кезінде алынған препараттармен қайта вакцинациялауға рұқсат етілгенін, бірақ бұл "Спутник V" вакцинасына қатысты емес екенін айтты. "Спутник V" алған қазақстандықтар "Спутник Лайт" препаратын қайта ала алады.

Қазір оқып жатыр

АИТВ-ның алдын алуға арналған препарат 120 елде жылдық курсы небәрі 40 долларға қолжетімді болады

Дәрігер мен науқас

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер