USD
USD
USD

Шетелдік танымал мультфильмдер қазақшалануы мүмкін

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов айтты

Шетелдік танымал мультфильмдер қазақшалануы мүмкін
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. «Ал, енді тіл мәселесі - бұл руханияттың өзегі. Бұл ретте де қазіргі таңда Ақпарат және қоғамдық даму министрінің тапсырмасымен қарастырылып жатқан бастамалар бар. Мәселен - еліміздің кабельдік операторлары арқылы тарайтын шетелдік телеарналарды қазақ тіліне аудару. Әрине, кез келген елдің ертеңі - бала тілінде. Сондықтан бұл жұмысты шетелдік танымал мультфильм арналарынан бастау керек деген ұсыныс бар. Сөз жоқ, бұл бастамалар әлі қоғамдық талқылаудан өтіп, тиісті мамандардың, сарапшылардың, зиялы қауымның, ата-аналардың қолдауымен болатын дүниелер», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Вице-министрдің айтуынша, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үшін ең бірінші міндет - бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тиімділігі. «Бұл бағытта министрліктің барлық мүмкіндігі және ең бастысы, толық түсінігі бар. Руханият мәселесі бұл - жалғыз мемлекеттікі емес, ортақ мәселе. Сондықтан да оған қолжеткізу үшін бір ғана мемлекеттің жұмысы аз. Әрбір азамат атсалысуы керек деп ойлаймыз. Сонда ғана «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда жаңа серпін көретін боламыз»,- деді Болат Тілепов.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны