Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шетелден заңсыз жолмен дүние-мүлік сатып алғандардың тізімі жарияланды

Жүздеген әлемдік көшбасшының шетелден заңсыз жолмен сатып алған дүние-мүлкі белгілі болды. 

Шетелден заңсыз жолмен дүние-мүлік сатып алғандардың тізімі жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жүздеген әлемдік көшбасшының, саясаткер мен миллиардердің құпия мәмілелері мен жасырын активтері туралы мәлімет сақтаулы «Пандора құжаттары» жария болды. Журналистердің халықаралық консорциумы 17 ел бойынша зерттеу жүргізіп, 12 миллионға жуық файл жинақтаған. Сырт елдерден заңсыз жолмен дүние-мүлік сатып алған және оффшорға ақша тыққандардың тізімінде Британияның экс-премьері Тони Блэр бар.

Ол Бахрейн министрінен оффшорлық компания сатып алып, бірақ 400 мың доллар салығын төлемеген. Кения президенті Ухуру Кениатта сырт елдегі банкке 30 миллион доллар аударған. Кениата әулетінің атында Панама мен Британиялық Виргиния аралында тіркелген 7 компания бар болып шықты. Аталған тізімде Эквадор, Чили және Доминикан президенттерінің есімі де кездеседі. Сондай-ақ Иордания королі Абдолла Екіншінің, АҚШ пен Ұлыбританиядан 14 үйді астыртын сатып алғаны айтылады. Олардың қатарында Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш бар. Ол осыдан 12 жыл бұрын Францияның оңтүстігінен 22 миллион долларға қамал-үй сатып алған.

Қазір оқып жатыр

Үмітсіз берешекті есептен шығару кезінде кей қазақстандықты салықтан босату ұсынылды

жеке табыс салығынан босату

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық