Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шетелден ұшып келген төрт адамнан коронавирус анықталды

Шетелден ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт адамнан коронавирус анықталды.

Шетелден ұшып келген төрт адамнан коронавирус анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың 22 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 26 халықаралық әуе рейсі келді. 3708 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 688 адам, анықтамасыз 20 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына - 13 рейс, 2014 жолаушы, анықтамамен - 2 008, анықтамасыз - 6;

Шымкент қаласының әуежайына - 5 рейс, барлық 659 жолаушы анықтамамен келген;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен - 462; анықтамасыз - 12;

Ақтау қаласының әуежайына - 3 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен - 418; анықтамасыз - 2;

Қарағанды қаласының әуежайына 1 рейс, барлық 141 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп жатыр. 21 наурызда шетелден анықтамасыз келген 177 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 4 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде, үш жолаушы Шарм-әл-Шейх - Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Киев - Алматы рейсімен келген.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті