USD
USD
USD

Шетелден ұшып келген 85 қазақстандықта коронавирусқа ПТР-анықтама болмаған

1 желтоқсан күні Қазақстан аумағына Германия, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді.

Шетелден ұшып келген 85 қазақстандықта коронавирусқа ПТР-анықтама болмаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Авиажолаушылардың 93% астамы Қазақстанға ПТР-анықтамамен келген. 1 237 жолаушының 1 152-сінде коронавирусқа ПТР-тест нәтижесі болған, анықтамасыз келгені – 85 адам (барлығы ҚР азаматтары). Оның ішінде: - Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, барлығы 1 023 жолаушы, анықтамамен - 947, анықтамасыз - 76; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 2 рейс, барлығы 214 жолаушы, анықтамамен - 205, анықтамасыз - 9.

«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 85 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар