USD
USD
USD

Шетелден келгендер 2 тәулікке оқшаулануы керек

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың бекіткен қаулысы бойынша, Қазақстанға шетелден келетін барлық адам 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантин стационарында оқшаулануы керек. 

Шетелден келгендер 2 тәулікке оқшаулануы керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаулыға сәйкес, елге кіретін жерде шектеу іс-шаралары қабылданды. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімі, денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына Қазақстанға шетелден келетін барлық адамды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ, ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келетін адамдар да екі тәулікке оқшауланады.

COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген, авиарейспен шет елден келген адамдар үйде 14 тәулік бойы оқшауланады. Үйде оқшаулауға жағдай болмаса карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады. Бұл ретте бұл адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланбайды. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайда оқшаулау ұсынылады. 

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша