USD
USD
USD

Шетелден келген қазақстандықтар ауруханаға жатқызылады

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов ІІ санаттағы елдерден Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін қазақстандықтар мен шетелдік азаматтарға қазан айының бірінші онкүндігінде COVID-19 бойынша қойылатын жаңа талаптардың енгізілгенін айтты.

Шетелден келген қазақстандықтар ауруханаға жатқызылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Қазіргі уақытта Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің эпидемиологтары авиакомпаниялардың, әуежайлардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, ІІ-ші санаттағы елдерден (21 елден) Қазақстанға әуе рейстерімен келетін барлық адамдарға қосымша талаптарды енгізуге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру бойынша мәселелерді пысықтап жатыр. Авиакомпаниялар Қазақстанға билет сатып алатын жолаушыларға COVID-19 бойынша қойылатын қосымша талаптар туралы хабарлайды, - деді Байғабылов.

Шетелдіктерде мемлекеттік шекарадан өткізу үшін мерзімі үш тәуліктен аспаған COVID-19-дың бар-жоғын растайтын зертахананың анықтама қағазы болуы керек, әйтпесе олар ұшаққа мінгізілмейді.

- Қазақстан азаматтары шетелден келгенде қолында осындай анықтамасы болмаған жағдайда, COVID-19-ға тест тапсырып, оның нәтижесі шыққанша ауруханаға екі күндік карантинге орналастырылады. Өңірлерде осы мақсатта тиісті ауруханалар дайындалды. Жылдың басында бұл алгоритм бойынша халықаралық рейстер жұмыс істегенін, тек бұл жолғы айырмашылық жолаушылардың екі күндік карантинге орналастырылуында екенін атап өткен жөн. Осы жаңашылдықтың өз күшіне енгені туралы қосымша ақпарат беріледі, - деді Көліктегі бас санитарлық дәрігер.

ІІ-санатқа қандай елдер жататынын төмендегі кестеден таныс бола аласыздар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері