USD
USD
USD

Шетелден келген екі әуе жолаушысы ПТР тестілеуден бас тартты

31 қазанға қараған түні Минскіден Нұр-Сұлтан әуежайына коронавирус инфекциясына ПТР сынағының сертификатынсыз 19 жолаушысы бар рейс келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шетелден келген екі әуе жолаушысы ПТР тестілеуден бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес олардың барлығы тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін карантин стационарына жеткізілуі керек. Алайда, әуежайда Қазақстан Республикасының екі азаматы мамандардың оларды карантин стационарына жеткізу әрекеттеріне қарсылық білдіріп, коронавирус инфекциясына ПТР тестілеуден өтуден бас тартты. «50 жастағы ерлі-зайыпты Минскіден ПТР сертификатсыз келді. Олар тест тапсырмауға тиіс деп санайды. Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бар, онда шетелден қажетті анықтамаларсыз ұшатын жолаушыларға қойылатын талаптар нақты жазылған.

Полиция департаменті, ТКСҚБД өкілдері осы ережелерді түсіндірді, бірақ олар тестілеуден бас тартты. Егер олар ПТР сынағынан өтіп, теріс нәтиже алмаса, ауруханадан шығарылмайтынын түсінуі керек», - дейді №3 көпсалалы қалалық аурухана директоры Жұлдыз Данбаева. Карантин стационарында лобораторлық зерттеуден өткен және КВИ үшін теріс нәтиже көрсеткен осы рейстің барлық жолаушылары үйлеріне жіберілді. Сонымен бірге, талдау нәтижелері бойынша Минскіден ұшып келе жатқан бір жолаушыда КВИ анықталғанын хабарлаймыз. Ол қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Онда ол коронавирустық инфекцияны емдеу хаттамасына сәйкес ем алады. Жақын байланыста болған екі адам үй жағдайындағы карантинге алынды. Барлығы бір түнде 3 халықаралық рейс келді. Оның ішінде 30 жолаушының ПТР сертификаты болмаған.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт