USD
USD
USD

Шетелден 37 500-ден астам қазақстандық келді

Коронавирустың салдарынан бірқатар елдерге кіру-шығу ережелерінің шектелуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы биыл 1-23 наурыз аралығында 37 500-ден астам қазақстандықты шетелден әкелді.

 Шетелден 37 500-ден астам қазақстандық келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Наурыз айының соңына қарай әкелінген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 40 мың адамға дейін өседі деп күтілуде. Air Astana қазақстандықтарды Отанына қайтару үшін жан-жақты көмектесіп жатыр.

22 наурыздан 14 сәуірге дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантинге және елдегі төтенше жағдайға байланысты рейстердің 95%-ы тоқтатылды (2863 орнына 140 рейс орындалады) және 22 наурыздан бастап барлық ішкі рейстер тоқтатылды. 29 наурызда халықаралық репатриациялық рейстер тоқтатылады. Ең өзекті халықаралық рейстердің кестесі airastana.com сайтында жарияланған.

22 наурыздан 14 сәуірге дейін төтенше жағдай кезінде әуе компаниясы ішкі транзиттік жолаушыларды тұрғылықты жеріне дейін жеткізе алмайды.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

.

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша