USD
USD
USD

Шетелден есірткі тасымалдаған қылмыскерге үкім шықты

Кінәлі сот үкімімен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп жазды Sputnik.

Есірткі
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE.АҚШ-тан ішіне есірткі салырнған ойыншықтарға тапсырыс беріп, Қазақстанға алдыртпақ болған азамат10 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведмоствоның мәліметінше, 2023 жылдың соңында алқабилер ірі көлемдегі есірткі контрабандасымен айналысқан "А." есімді азаматқа қатысты айыптау үкімін шығарды.

Кінәлі тұлға сот үкімімен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

"Мемлекеттік айыптаушы сотқа айыпталушының АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы ішіне есірткі салынған балалардың ойыншықтарына тапсырыс бергені және алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді. Есірткі Қазақстан аумағында сату және одан материалдық пайда табу мақсатында алынып келінген", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу

Талдықорғанда діни қорда тіркеусіз тұрған сегіз адам анықталды

ЖИ көмегімен жасалған

Алматыда ағаштарды рұқсатсыз кескендерге қатысты іс қозғалды

Ағаш кесу

Заңсыз ішімдік саудасы: кәсіпкерлерге 932 млн теңге айыппұл салынды

Арақ