USD
USD
USD

Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-ты біріктіретін ассоциация құрылды

Қазақстанда шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктірген ассоциация құрылды. Бұл жайында ҚазАқпарат жазды. 

Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-ты біріктіретін ассоциация құрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біздің қордың мақсаты – шетелдегі қандастардың басын біріктіру. Осы орайда БАҚ-тың да рөлі ерекше. Біздегі мәлімет бойынша, әлем елдерінде 88 қазақтілді БАҚ жұмыс істеп жатыр. Ассоциация құрудағы мақсат – қазақша БАҚ-тың аясын кеңейту, шетелдегі қандастарымызға ана тілінде ақпарат алуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар жалпы қазақ тілін дәріптеу. Ассоциацияны құрудың арқасында сырттағы бауырларымыз елде болып жатқан жаңалықтардан тікелей хабардар болып отырады. Яғни Қазақстандағы хабарларды шетелге жеткізу, тиісінше шетелдегі қандастардың тыныс-тіршілігімен қазақстандықтарды таныстыру», - деді «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов.

Оның айтуынша, шетелдегі БАҚ қауымдастығының жұмыс жоспары бекітіледі.

«Сонымен қатар ассоциация құрамына отандық және шетелдік БАҚ өкілдерін мүше етіп қабылдаймыз. Сол арқылы бірлескен бірқатар шара ұйымдастыру ойымыз бар. Отандық БАҚ пен шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тың екіжақты қарым-қатынасын нығайта түссек деген ниет бар. Мысалы, өткен жылы Моңғолиядағы «Kaznews» ақпарат порталының тілшісі «Үркер» сыйлығын жеңіп алды. Бұл - өте қуантарлық жағдай. Міне, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруымыз керек», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.