USD
USD
USD

Шетелде екі қазақ сотталды

Оңтүстік

Шетелде екі қазақ сотталды
Фото: NEGE.kz

Кореяға заңсыз барған екі қазақстандық Таиланд азаматына шабуыл жасап, ақшасын тонағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы жергілікті Daejeon MBC News телеарнасы мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Телеарнаның мәліметі бойынша, Тэджон соты екі заңсыз иммигрант - Қазақстан азаматтарын - 4 жыл және 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Олар жезөкшелікпен айналысқан шетелдік мигрантқа шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылған. 

Сотталғандардың бірі 19 жаста екені белгілі болды. 

Былтыр желтоқсанда Тэджон қонақүйлерінің бірінде қазақстандықтар Таиландтан келген трансгендерге шабуыл жасап, миллион вон (350 мың теңгеге жуық) ұрлап кеткен және полицейлерге қарсылық көрсеткен. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.