USD
USD
USD

Шет елдердегі қанша қазақстандық дауыс берді?

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шет елдерде 7 400 қазақстандықтың дауыс бергенін мәлімдеді, деп хабарлады Stan.kz.

Шет елдердегі қанша қазақстандық дауыс берді?
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. "Жалпы, Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға көптеген шетелдік байқаушылардың қызығушылық танытып, белсенді қатысып жатқанын атап өткім келеді. Онда шетелдік байқаушылардың жалпы саны 641 адамды құрады", – деді Василенко Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің өкілі шет елдерде 10 учаскенің жұмысы аяқталғанын айтты. 

"Шетелдегі азаматтарымыздың конституциялық құқығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 53 мемлекетте 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған болатын. Дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны – 12 841. 19.00-дегі жағдай бойынша Жапония, Корея, Қытай, Сингапур, Малайзия, Тайланд, Индонезия сынды елдердегі 10 учаскенің жұмысы аяқталып, шамамен 7 400 адам дауыс берді. Бұл - тіркелген сайлаушылардың 57,5 пайызы. 57 сайлау учаскесі әлі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бір учаске әлі ашылған да жоқ. Ол – Сан-Франциско қаласындағы учаске", – деді Роман Василенко.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.