Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шешенстанда Рамзан Қадыров атындағы мешіт салынады

Қадыров бастапқыда бұл идеяға қарсы болған, бірақ оның серіктестері, дінбасылары және бірқатар қоғам өкілдері ақыры көндірген екен. Жақында Грозный қаласында мешіт құрылысы басталады. Оған Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың есімі берілмек. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

Шешенстанда Рамзан Қадыров атындағы мешіт салынады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. «Грозный» деп аталатын арнаның хабарлауынша, жаңа мешітке оның есімін беру туралы шешім «республика тұрғындарының өтініштері бойынша» қабылданған көрінеді. Қадыров бастапқыда бұл идеяға қарсы болған, бірақ оның серіктестері, дінбасылары және бірқатар қоғам өкілдері оны ақыры көндірген екен.  Мешітке екі мың адам сыяды. Құрылыс процесіне Шешенстан басшысының көмекшісі Амруди Эдилгириев жетекшілік етеді. BBC дерегі бойынша, Шешенстанның қалалары мен ауылдарындағы 346 көшеге Рамзан Қадыровтың және оның туыстарының есімі берілген. Басым бөлігі Қадыровтың әкесі, Республиканың бұрынғы президенті Ахмат-қажы Қадыровтың есімімен аталған. Одан кейінгі орында –  Қадыровтың өзі. Сонымен қатар оның анасы мен атасының есімдерімен аталатын көшелер де жетерлік.  Қадыров Шешенстанды әкесі қайтыс болған кезден бастап басқарып келеді. Ахмат-қажы Қадыров 2004 жылы Грозныйда Жеңіс күнін тойлау кезінде өлтірілген еді.  BBC-дің 2018 жылғы мәліметіне сүйенсек, Республикадағы ең ықпалды 150 шенеуніктің 30 %-ы – Қадыровтың туыстары. 

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.