4 Шілде 14:56
...

Шешенстанда «Новая газета» журналисіне қарулы топ шабуыл жасады

Фото:

4 шілде күні таңертең Шешенстанда бір топ қарулы адам Зарема Мұсаеваның ісі бойынша сот процесіне қатысу үшін республикаға келген «Новая газетаның» журналисі Елена Милашина мен адвокат Александр Немовке шабуыл жасады.

Алматы, NEGE. «Жәбірленушілердің айтуынша, олардың көлігін әуежайдан келе жатқанда қарулы адамдар қоршап алған. Милашина мен Немовты қатты соққыға жығып, құрал-жабдықтарын алып, жойып жіберген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар ауруханаға жеткізілді», - деп жазды «Команда против пыток» Telegram-каналы.

Хабарланғандай Немов қатты соққыға жығылған, әрең сөйлеп жатыр. Милашинаның саусақтары сынған және көптеген жарақаттар анықталған. Сонымен қатар ол бірнеше рет есін жоғалтқан.

Бүгін Грозныйда Зарема Мұсаеваға қатысты сот үкімі шығуы керек еді.

Еске салайық, 2022 жылдың 20 қаңтарында Шешенстанның қауіпсіздік күштері бұрынғы судья Сайди Янгулбаевтың әйелі Зарема Мұсаеваны Нижний Новгородтағы пәтерден алып кеткен. Грозный соты оның ісін 2022 жылдың маусымынан бастап қарап жатыр.

Тегтер: