USD
USD
USD

Шерзаттың соты: Судья Ержан Жанұзақов істен шеттетілмейтін болды

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Ержан Жанұзақов
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Сотталушы А.Н.Шынасылдың қорғаушысы Ж.Қ.Әбенов төрағалық етуші судья Е.С.Жанұзақовқа қарсы шағым түсірген болатын.

Адвокат Әбенов тергеуші мен екі сарапшыны шақыруды судьядан сұрағанда бас тартқанын мәлімдеді. Сол себепті Жанұзақовты істен шеттетуді сұраған. 

Сотқа төрағалық етуші судья А.Беймбетов Ержан Жанұзақовқа қарсы түсірген шағымды қанағаттандырмады.

Судья сот отырысына қатысушылардың пікірлерін тыңдаған соң, қорғаушы Жұмат Әбеновтің іске төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа жариялаған қарсылығын негізсіз деп тапты.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 87-бабында судьяға шағым келтірудің негіздері көрсетілген. Бұл жерде қорғаушының келтірген наразылығы, яғни куәлерді, сарапшыларды шақырмауы ол негіздерге жатпайды», – деді Беймбетов.

Қазір оқып жатыр

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым