USD
USD
USD

Шерзаттың соты: Адвокат қорғауындағы Дархан Әскентайдың суреті желіде тарап кеткеніне шағымданды

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Дархан Әскентай
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Сот отырысы судья Ержан Жанұзақовтың ескертуімен басталды. 

Судья Қазақстан Конституциясына сәйкес, елде сот төрелігін тек сот жүзеге асыратынын, ал оған қандай да бір қысым көрсетуге немесе араласуға жол берілмейтінін еске салды.

«Әлеуметтік желіде блогерлер мен сотқа қатысы жоқ өзге де азаматтар өздерінің жеке пікірлерін білдіріп, тергеу әрекеттері мен сот барысына субъективті баға беріп жатыр. Тергеу аяқталып, үкім шығарылып, заңды күшіне енгенге дейін пікір беруге рұқсат жоқ, сот процесіне құқықтық баға беру заңсыз», – деді судья Ержан Жанұзақов.

Сотта айыпталушы Дархан Әскентайдың адвокаты Мәулен Ержанов судьяға өтініш білдірді. Ол қорғауындағы Дархан Әскентайдың фотосы желіде тарап жүргенін айтып, шағымданды. Өткен сот отырысында Дархан Әскентайдан тергеу барысында жауап алынған видео көрсетілген болатын. 

Судья Ержан Жанұзақов аталмыш жағдайды түсіндіріп, Дархан Әскентай өзінің фотосын көрсетуге қарсылық білдірмегенін жеткізді. Айтуынша, тек 4 сотталушы ғана түрін көрсетпеуді сұраған. Ал оның арасында Дархан Әскентай жоқ. Судьяның сөзін айыпталушы Дархан Әскентай растады. 

Қазір оқып жатыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

Азамат Қапенов

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

аударым

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Дарын Мубаров