USD
USD
USD

Шерзаттың өліміне қатысты сотта дүкеннің бақылау камерасындағы бейнежазбалар қаралды

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау туралы іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Шерзат Полат
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Сот куәлерден жауап алуды аяқтап, сотталушылардан жауап алуға кірісті.

Сот отырысы барысында сотталушылардың адвокаты мемлекеттік айыптаушыға қарсылық білдірді. Сот қаулысымен бұл өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылды. Сондай-ақ сотталушы Д.Әскентайдан жауап алынды, одан кейін дүкеннің бақылау камерасындағы бейнежазбалар қаралды.

Бұл бейнежазбалар сот процесінің маңызды дәлелдерінің біріне жатады. Кадрлар 2024 жылғы 3 қазан күні сағат 23:00 шамасында түсірілген. Видеодағы іс-әрекеттер оқиғаға кімнің қандай деңгейде қатысы барын анықтауға көмектеседі.

Келесі сот отырысы 2025 жылдың 15 мамырына сағат 10:00-ге белгіленді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық