USD
USD
USD

Шерзаттың әкесі видеоүндеу арқылы халықты дүрлікпеуге шақырды

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен марқұм Салтанат Нүкенованың інісі Айтбек Амангелді жұрттың митингке шықпауын сұрады

Видео
Фото: өз парақшасынан

Алматы, NEGE. Видеоүндеу «justice_for_sherzat» инстаграм парақшасында жарияланды. Бұл парақшаны адвокаттар іс барысын көрсетіп отыру үшін ашқан.

«Қазақ елі, тағы айта кететінім, 14 қазанда ешқандай митинг, қантөгіс болмайды. Әділетті сот үкімін күтемін. Тергеу жүргізіледі. Елдер келіп жатыр. Астанадан да келіп жатыр. Адвокаттар да бар. Марқұм Салтанаттың бауыры да бар. Осы жігіттер көмектесіп жатыр. Халыққа айтарым, қолдау көрсетіп жатырсыздар, Алла разы болсын! Көп рақмет! Қазір қантөгіс, митинг, шоғырлану баламның ісінің жүруіне тоқтау болады. Сол себепті өтініп сұрайтыным, ақылды, саланы ел болуымыз керек. Бүгінгі күнді ғана емес ертеңгі күнді де ойлауымыз керек қой. Қантөгіспен ештеңе шешілмейді... Менің қалауым – балам үшін әділ сот. Ашық, әділ сот болғанша, соңына дейін барамын. Менің мақсатым соңына дейін барамын деп, біреуді атып, біреумен төбелесу емес, жаман адамдар жаман пиғылын жасай берсін. Одан кейін айтатаным, көңілдеріңізге рақмет, бірақ ақша жинаудың керегі жоқ. Бүгін баламның жетісі еді. Қаралы күнде ақша жасайын деп жүрген азамат емеспін», - деп мәлімдеді ол видеоүндеуінде.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский