USD
USD
USD

Шерзаттың әкесі мен Айтбек Амангелді мәлімдеме жасады 

Талғарда аса қатыгездікпен өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болаттың әкесі және Айтбек Амангелді мәлімдеме жасады.

Айтбек
Фото: видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Айтбек Амангелді Шерзаттың әкесімен бірге видео жариялап, митинг болмайтынын айтты.

"Қайырлы күн! Біз Шерзаттың әкесі, отағасы Қаржаубай екеуміз 14 қазан күні митингке шығудың қажеті жоқ екенін айтамыз. Ешқандай митинг болмайды. Қазір белсенді түрде тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар жасалады. Сондықтан бұл митинг, керісінше, тергеу амалдарына кедергі келтіреді. Бұл пайдасыз әрекет. Қазір барлығын өзіміз бақылап отырмыз. Отбасы ешқандай ақша жинап жатқан жоқ және оған мұқтаж емес", – деді Айтбек Амангелді.

Еске салсақ, 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат бір топ кісінің қолынан қаза тапты. Қазіргі кезде марқұмды өлтірді деген күдікпен 7 адам ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер