USD
USD
USD

«Шерзатты өз әкесі өлтірді» – Қаржаубай Нұрымовқа жала жапқан блогер кешірім сұрауға міндеттелді

Сот блогер Бауыржан Абдрахманды («Доктор» лақап атымен танымал) Шерзат Болаттың отбасына жала жапқаны үшін көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттеді. Бұл туралы жәбірленушілердің адвокаты Мейрман Шекеев хабарлады.

Бауыржан Абдрахман
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Сот блогердің мәлімделерін жалған әрі жала жабу деп танып, оған 20 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады. Блогер әлеуметтік желіде көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттелді. Сонымен қатар ол марқұмның отбасына 400 мың теңге моральдық өтемақы және 500 мың теңге өкілдік шығын төлеуі керек. 

«Қаржаубайға жала жауып 20 тәулікке қамалған «Доктор» бостандыққа шыққаннан соң, тағы бір сот шешімін орындауға міндеттелді. Бұл сот шешімінің кереметтілігі, Шерзаттың отбасын тоқтаусыз қаралаған Доктор жариялы түрде Қаржаубайдан кешірім сұрауға міндеттелді. Ал 400 000 теңге моральдық шығын және 500 000 теңге өкілдік қызмет ретінде төлеуге міндеттелгені оның қасында жәй түкке тұрмайтын жеңістердің бірі ғой», – деп жазды адвокат М.Шекеев. 

Естеріңізге сала кетейік, блогер TikTok-та Шерзат Полаттың өліміне байланысты даулы бейнематериалдар жариялап, онда марқұмның әкесін айыптаған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда МӘМС жарнасын төлеу қағидасы жаңартылды: не өзгерді?

МӘМС

«Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаров аудан әкімі болып тағайындалды

Айбек Нұғымаров

Каспий теңізі түбімен Бакуден Ақтауға интернет желісін жүргізу жұмысы басталды

су асты интернет желісі

TikTok-та былапыт сөз айтқан Түркістан тұрғыны жауапқа тартылды

жауапкершілік