USD
USD
USD

Шерзат ісі: Сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталды

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Шерзаттың соты
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында  судья Ержан Жанұзақов сот тергеуінің аяқталып, жарыссөздің басталғанын хабарлады. 

Сот отырысының онлайн-трансляциясы Жоғарғы соттың YouTube-арнасында көрсетіліп жатыр. 

Жарыссөзді Бірінші болып прокурор Дана Сәрсенбай бастады. Ол айыпталушылардың әрекеттеріне жеке-жеке тоқталып өтті. 

«Құрметті сот! Іс-құжаттарымен анықталғандай, сотталушылар Әскентай Дархан, Тоқтаубаев Нұрбол, Тоқтаубаев Азамат, Қалиахмет Дидар, Шынасыл Абзал, Ілиясов Нұрқияс, Белғожаев Шыңғыс, Сакиев Равиль адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласу арқылы қоғамдық орында пышақтарды және денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолдана отырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғандары, ең алдымен жәбірленушілер Нұрымовтың, Бишембиеваның, марқұм болған Ғайыпбаевтың және Кадированың, Махметтің және іс бойынша сұралған куәлардың жауаптарымен және іс бойынша басқа да айғақтармен толығымен расталады», – деді Дана Сәрсенбай.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза