«Анасы жанында жатыр, неге оны ұрасың?» – Сотта Равиль Сакиевтің тергеу жүріп жатқан кезде айтқан сөздерінің стенограммасы жарияланды

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.
Сотта іс материалдарына зерттеу жүргізіліп жатыр. Жәбірленуші тараптың адвокаттары «Жасырын тергеу әрекеттеріне зерттеу және қарап тексеру жүргізу» хаттамасын жариялады. Хаттамада жасырын тергеу әрекеттерінің стенограммасы бар.
«2-камера, күдікті Сакиев Равиль. Р. деген – Равиль. 24 шілде 1998 жылы туған», – деп нақтылады жәбірленушілердің адвокаты.
Р.: Анау өлген баланың папасын көрдім ғой. ИВС-қа алып кірді ғой. ИВС-тің ішінде балаларды көрсетеді ғой. Ол ар жақтан келе жатыр ғой анаған (боқтық сөз) және маған келеді «не істеді балаларың?» деп, мен үндемей тұра бердім. Мен ағайға айттым: «Кешіріңіз, болатын зат болды» деп. Опер бала маған келіп айтты: «Че, его отца знаешь?» дейді, «какой знаю, он меня не видел в драке, сол үшін ғой маған нормально сөйлеп тұр ғой. Өйткені, мен төбелестің ішінде болған жоқпын. Мен бәрін пышақтап, атып тастағаннан кейін барып тұрмын ғой, мылтық атылғаннан кейін», дедім.
А.: Печально, печально...
(Бірақ А.деген кім екені жазылмаған)
Р.: Ана балаға айтқам (боқтық сөз) «Неге оны ұрасың? Мамасы жанында жатыр» деп, и ол бала айтады: «Е, қайдан білемін, мамасы-папасымен жүргенін. Осы жерде они стреляют, папасы пышақпен шықты ғой магазиннен. Видеосын көрдім» дейді.
А.: Ладно, папасы-мамасы болмаса да неге өлтіріп жатырсыңдар, соны түсінбей қалдым.
Р.: Видишь, братан... Анау атқан, анау пышақ алып шыққан и ана бала пышақ алып, тығып жіберген ғой төбелесіп жатқанда ше папасы пышақпен. Шыққан анау, ар жағынан атады ғой мылтықпен.
А.: Кім?
Р.: Соның братаны ғой қайтыс болған баланың. Бір рет атады, сол кезде ана бала тығып жібереді ғой пышақты.
А.: Не знаю, не знаю, короче видеоны көргенбіз.
Р.: Сол видео бар ғой, конец қой драки. Уже все там, бәрі бітті, жатты, анау пышақтап тастады и анау тәте келді де «скорая, скорая!» деп, туда-сюда айқайлап жатты. Біз келеміз де, атқан бала бар ғой, соны екі-үш рет теуіп жібереміз (боқтық сөз). Барсам, ана бала мылтығын алып алыпты. Өзінің мылтығының прикладымен ұрып жібереді. Дәл сол видеоны этаждан біреу түсіріп алған ғой. Ол уже конец драки. Ананың балалары қашып кетеді. Сол видео шығады ғой, олар атады, пышақпен келіп өлтіріп кетті деп 16 жастағы баланы. Олар қазір ол мылтықты біз алып келді деп отыр. Тәтесі сұхбат беріпті, логика қайда? Егер бізде мылтық болса, айтпаймыз ба? Айттық та, бізге екі рет атты ғой. Қорқытайын деді ме, жерге бір рет атты.
А.: Да..
Р.: Ата-аналары мені Чинамен шатастырып отыр. Мені ұрдың дейді, олар мені шатастырып отыр. Анау маған пышақ сұқтың, мен көрдім деп қояды.
Б.: Анау атқан адамға пышақ сұқтыңдар ма?
Р.: Иә, 4 рет. Бірақ оны Абзал соқты. Ол: «ас пышағы үлкен, мен оның ұшын ұстап, 4 рет сұқтым» деп айтқан. Ал ол мені көрсетіп отыр. Мен оған шатасып отырсың деп айттым.
Б.: Ол жақ кешке қараңғы болды, иә?
Р.: Ол жерде камерадан көрініп тұр, шамдар бар.
Р.: Мылтықтан оқ атқан адамға пышақ сұқтың дейді. Пышақ бар, сараптама шығады, саусақ іздері шығады. Кімнің ұстағаны шығады.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Сәкиев Равильден: «Ана балаға айттым, неге оны ұрасың, мамасы жанында жатыр деп айттыңыз ба?» деп сұрады.
«Видеодан көрген ғой, ол менен «анасының көзінше неге ұрасыңдар Шерзатты?» деп сұрап тұрады. Оны мен емес, Шыңғыс ұрған деп айттым. Анасын кейін видеодан көрдім. Бірақ тәтенің жедел жәрдем шақырып, айғайлағанын көрдім және кетіп қалдым. Бірақ оның анасы екенін одан кейін білдім», – деді Сакиев Равиль.