Шерзат ісі: Айыпталушылардың көлік ішіндегі әңгімелері жазылған видео жарияланды

Сот отырысында Шерзатқа пышақ жарақатын салғаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен айыпталушылар мен куәгер қыздар отырған Land Cruiser маркалы автокөліктің бейнетіркегішіне жазылып қалған сөздер жарияланды.
Алматы, NEGE. Бейнетіркегіште күдіктілердің әрекеті, айтқан сөздері жазылып қалған.
Көлікте Нұрқияс Ілиясов, Абзал Шынасыл және куәлер Жақсыгелді Дана, Нұрбекова Эльмира мен Юлдашев Арлан отырған.
Жазбада олардың жолда болған оқиғаны өзара талқылап, балағат сөздер айтып, күлгені естіледі.
Алдыңғы сот отырысында сотталушы Нұрқияс Ілиясов Шерзаттың анасын көрмедік деп жауап берген. Алайда бейнетіргекішке жазылып қалған өзара әңгімеде Шерзаттың анасын көргені анық естіледі.
Сонымен қатар куәгер қыздың бірі Нұрбекованың болған оқиғаны баяндап жатқаны жазылып қалған.
«Бір ер адам. Біздікілерден емес. Бір жақта құлап жатыр», – дейді куәгер қыздың бірі.
Ер адам: «Оны лақтырып жіберді ме?»
Куәгер қыз: «мхм»...
...Ол бізге қарай мылтық кезенді. Артынан адамдар жүгіріп келді».
Ер адам: «Екі адам жерде жатыр.
«Бастапқыда бәрі дүкеннің жанында топ болып тұрған. Біз құрбыммен бірге дүкенге кірдік. «Темекі сатыңызшы», дедік. Сол сәтте сырттан біреу: «Шығыңдар, мен тапанша алып шығамын», деді. Біз «жарайды» деп кете бердік. Сыртта бір жағдай болып жатқан сияқты көрініп, екеуміз қайта шықтық…
Толықтау келген жігіт шықты да, «бәріңді атып тастаймын» деді. Біздің жігіттер: «Атсаң, ата бер, ешқандай проблема жоқ» деп жауап қатты. Біз қарап тұрмыз. Ол:«Атам! Атам!» деп айқайлады. Адамдар жан-жаққа қаша бастады. Сол кезде әлгі жігіт мылтықпен шығып, екі рет аспанға оқ атты», – дейді куәгер қыздың бірі. Осы кезде оның телефонына біреу қоңырау шалып, көліктен шығуын сұрайды.
Ары қарай көрсетілген бейнежазба негізінде сотталушыларға бірқатар сұрақ қойылды.