USD
USD
USD

Шерзат ісі: Айыпталушылар сотта соңғы сөздерін айтты

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша  сот отырысы аяқталуға жақын. 

Шерзаттың соты
Фото: Жоғарғы сот

Сот отырысында кешеден бері тараптар жарыссөзде өз пікірлерін білдіріп жатыр. 

Бүгінгі жарыссөзде айыпталушыларға соттағы соңғы сөздерін айтуға рұқсат етілді. Сотталушылар Шерзат Полаттың отбасына көңіл айтып, болған жағдайға өкініш білдірді. Алайда сотталушылар өздеріне тағылған айыпты толық мойындамады. Шынасыл Абзал Шерзат Полатқа пышақ салмағанын алға тартты. 

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік айыптаушы Шерзат Болатты өлтірді деген айып бойынша сотталушыларға мынадай жаза мерзімдерін сұраған еді:

– Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуді белгілеуді;

– Равиль Сакиев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 99-баптың 2-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша – 20 жыл;

– Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 9 жыл;

– Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;

– Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева