Шерзат Полаттың отбасы сотталушылардан 660 млн теңге моральдық шығын талап етті

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.
Сотта іс материалдарына зерттеу жүргізілді. Жәбірленуші тараптың адвокаттары «Жасырын тергеу әрекеттеріне зерттеу және қарап тексеру жүргізу» хаттамасын жариялады. Сонымен адвокат Мейірман Шекеев Алматы облысының прокурорына куәгер ретінде жауап берген Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіні оқиғаны жасырып, хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысын жолдады.
Сонымен қатар марқұм Шерзат Полаттың отбасы сотталушылардан моральдық шығын талап етті.
«Осы жасалған қылмыспен жәбірленушілерге қаншалықты моральдық шығын, зиян келтірілгенін түсіндіріп жатудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Сондықтан не талап ететінімізді жариялағымыз келеді», – деді адвокат.
Жәбірленуші тараптың адвокаты сотталушылардың ішінде кімнен қанша мөлшерде моральдық шығын талап етілетінін жариялады.
1. Шынасыл Абзал Нұрғалиұлынан Нұрымов Қаржаубай Полатұлының пайдасына ұлының жерлеу рәсімімен қатысты жұмсалған шығын өтеуі ретінде 2 794 000 теңге мөлшеріндегі соманы өндіруді;
2. Шынасыл Абзал Нұрғалиұлынан және Сакиев Равиль Могамедовичтен ортақтасқан үлестік түрде Нұрымов Қаржаубай Полатұлының пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықта келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 100 млн теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді, яғни әрқайсына шаққанда 50 млн теңге деп есептелді;
3. Шынасыл Абзал Нұрғалиұлынан және Сакиев Равиль Могамедовичтен ортақтасқан үлестік түрде Бишембиева Гүлбара Рысбекқызының пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 100 млн теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді;
4. Шынасыл Абзал Нұрғалиұлынан және Сакиев Равиль Могамедовичтен ортақтасқан үлестік түрде Кадирова Жұмабике Жолдасқызының пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 100 млн теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді;
5. Белғожаев Шыңғыс Айдосұлы, Әскентай Дархан Баянханұлы, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы, Тоқтаубаев Нұрболат Маратбекұлы, Қалиахмет Дидар Еркінұлынан ортақтасқан үлестік түрде Нұрымов Қаржаубай Полатұлының пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде әрқайсынан 20 млн, жапы сомасы 120 млн теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді;
6. Белғожаев Шыңғыс Айдосұлы, Әскентай Дархан Баянханұлы, Ілиясов Нұрқияс Төлетбекұлы, Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы, Тоқтаубаев Нұрбол Маратбекұлы, Қалиахмет Дидар Еркінұлынан ортақтасқан үлестік түрде Бишембиева Гүлбара Рысбекқызының пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде әрқайсынан 20 млн, жапы сомасы 120 млн теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді;
7. Белғожаев Шыңғыс Айдосұлы, Әскентай Дархан Баянханұлы, Ілиясов Нұрқияс Төлетбекұлы, Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы, Тоқтаубаев Нұрбол Маратбекұлы, Қалиахмет Дидар Еркінұлынан ортақтасқан үлестік түрде Кадирова Жұмабике Жолдасқызының пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде әрқайсынан 20 млн, жапы сомасы 120 млн теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді сұраймыз.
«Қосымша ретінде жерлеу рәсіміне кеткен түбіртек сот кабинеті арқылы тіркелді, сонымен қатар біз моральдық зиян, жан азабын шекенін психолог зерттеуінің қорытындысымен негіздеп отырмыз», – деді адвокат.
Сот талап-арызды қанағаттандырды.
«Қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің өкілдерімен азаматтық талап-арыз келтіруіне байланысты сот Қаулы етті: бұл талап-арызды қабылдауға, жәбірленушілер – Нұрымов, Кадирова, Бишімбиеваны осы қылмыстық іс бойынша азаматтық талапкер ретінде тануға, сотталушылар Шынасыл, Сакиев, Белғожаев, Әскентай, Ілиясов, Тоқтаубаев, Тоқтаубаев, Қалиахметті азаматтық жауапкер ретінде тануға. Сотталушы Ысқақтан басқа, сот сіздерге ҚР-ның Қылмыстық процесстік кодексінің 74-бабындағы азаматтық жауапкердің құқықтарын түсіндіреді», – деді судья Ержан Жанұзақов.
Сотталушылар мен олардың қорғаушылары талап-арызбен келіспейтінін мәлімдеді.