USD
USD
USD

Шерзат ісіндегі куәгерлердің қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілетін болды

Алматы облыстық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталған 8 сотталушыға қатысты апелляциялық сатыдағы сот отырысы аяқталды.

Шерзаттың соты
Фото: коллаж

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандардың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Үкім өзгеріссіз қалды.

Сонымен қатар, бірінші сатыдағы соттың жеке қаулысына қатысты адвокат Сыдықбеков куәгер Дана Жақсыгелдінің мүддесінде жеке шағым түсірген. Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы куәгер Дана Жақсылгелдіге қатысты шығарылған жеке қаулыны өзгеріссіз қалдырды.

Апелляция
Фото: NEGE

Бұған дейін сот Дана Жақсыгелді, Эльмира Нұрбекова, Арлан Қазыкенов және Юлдаш Рузбакиевтің әрекеттерінде қылмыс белгілері болуы мүмкін деп, прокурордың назарын аудару туралы жеке қаулы шығарған болатын. 

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев Шерзат ісіндегі куәгерлерге шығарылған жеке қаулының өзгеріссіз қалуына қатысты журналистерге пікір білдірді. 

«Қаулыға қатысты бір адам ғана шағым түсірген. Оның шағымы қанағаттандырылған жоқ, қаулы өз күшінде қалды. Енді прокуратура іс қозғап, сотқа жетеді деп ойлаймыз. Төрт куәгердің де іс-әрекетінде қылмыстық құрамның бар-жоғы тексерілетін болады», – деді Мейірман Шекеев. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ