Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандардың жетеуі апелляциялық шағым түсірді

Алматы, NEGE. Үкім 21 маусымда заңды күшіне енді.
Сотталушылар Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақ қана апелляциялық шағым бермеген. Басқа шағымдар Алматы қалалық сотында қаралады. Қай күнге белгіленетіні жақын арада айтылады.
Сот шешімімен танысқан күннен бастап сотталғандар мен олардың қорғаушыларына үкімге шағымдануға 15 күн уақыт беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (Талдықорған) Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталушыларға сот үкімі шыққан болатын.
Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру.
Сакиев Равильге, бір аса ауыр және бірауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардыңжиынтығы бойынша түпкілікті – 20 жыл бас бостандығынан айыру.
Тоқтаубаев Азаматқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауырқылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасыескеріліп – 15 жыл бас бостандығын анайыру.
Ильясов Нұрқиясқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғысоттылығы және ол бойынша өтелмегенжазасы ескеріліп – 9 жыл бас бостандығынан айыру.
Әскентай Дарханға, Тоқтаубаев Нұрболға, Белгожаев Шыңғысқа және Қалиахмет Дидарға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру.
Кәмелет жасқа толмаған Ысқақ Думанға ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Келтірілген моральдық шығынның есебіне Шынасылдан 60 млн теңге, Сакиевтен – 30 млн теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 млн теңге өндірілді.
Кәмелет жасқа толмаған Ысқаққа жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.