USD
USD
USD

Шерзат ісі: Сот үкімі өзгеріссіз қалды

Алматы облыстық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталған 8 сотталушыға қатысты апелляциялық сатыдағы сот отырысы аяқталды.

Шерзаттың соты
Фото: NEGE

Апелляция шешімін тыңдауға айыпталушылардың адвокаттары мен туыстары келмеді. Сот залында тек Қалиахмет Дидардың ата-анасы отырды. Естеріңізге сала кетейік, апелляциялық сот отырысына айыпталушылардың өздері қатыстырылмады.

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандардың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Үкім өзгеріссіз қалды.

Бұған дейін сот барлық дәлелдемелерді зерделеп, сотталушыларды тағылған айыптардың барлық баптары бойынша кінәлі деп танып, оларға келесі жазаларды тағайындаған еді:

– Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру;

– Сакиев Равильге, бір аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті – 20 жыл бас бостандығынан айыру; 

– Тоқтаубаев Азаматқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауыр қылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп – 15 жыл бас бостандығынан айыру;

– Ильясов Нұрқиясқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғы соттылығы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп – 9 жыл бас бостандығынан айыру.

– Әскентай Дарханға, Тоқтаубаев Нұрболға, Белгожаев Шыңғысқа және Қалиахмет Дидарға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру.

Кәмелет жасқа толмаған Ысқақ Думанға ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ол тағайындалған жаза мерзімінің толық өтелуіне байланысты босатылды.



Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ