Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталушыларға сот үкімі шығатын күн белгілі болды

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша  сот отырысы аяқталуға жақын. 

Шерзат Полат
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Күннің бірінші жартысындағы сот жарыссөзінде адвокаттар мен сотталушылардың өкілдері сөз сөйледі. Сотталушылар да соңғы сөздерін айтты.

Сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

Сот үкімі 5 маусым күні сағат 16.00-де жарияланады. 

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік айыптаушы Шерзат Болатты өлтірді деген айып бойынша сотталушыларға мынадай жаза мерзімдерін сұраған еді:

– Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуді белгілеуді;

– Равиль Сакиев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 99-баптың 2-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша – 20 жыл;

– Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 9 жыл;

– Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;

– Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру.

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі