18 Сәуір 11:54
...

«Бір Аллаға тапсырдым» – Шерзат Полаттың отбасы сотталушылардың бірін кешіргенін хабарлады

Шерзат Полат
Фото: Жғарғы сот
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. 

Алматы, NEGE. Бүгін куәгерлерден жауап алынып жатыр. Бірінші болып марқұм Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Кадировадан жауап алынды.

Жауап беру кезінде Жұмабике Кадирова баласы Қаржаубай Нұрымовтың кәмелет жасына толмаған сотталушы Думан Ысқақты кешіргенін мәлімдеді. 

«Менің айтайын дегенім, 16 жастағы сотталушы балаға менің балам кешірім берді деп айтты. Балам (Қаржаубай Нұрымов-ред.): «Мама, біздің Шерзат өліп кетті. Енді қайтара алмаймыз. Мына 16 жастағы баланың өміріне балта шаппайық. Қолдан келгенше кешірім берейік. Мен кешірім бердім», – деді. Менің айтайын дегенім, менің балам да, мен де бәрін кешірдік. Алла кешірсін бұларды. Тек бір Аллаға тапсырдым. Судья, сіз бұларға өзінің нақты жылын кесесіз бе, кеспейсіз бе, қорғап алып қаласыз ба ол сіздің ар-намысыңызға берілген дүние. Мен тек Аллаға ғана сендім. «Құдайдан тап!» деген дүниедегі жаман қарғыс бар. Себебі, оны қалай табатынын бір Алла ғана біледі. Өсіп-өнері бар, ата-аналары да артымызда отырып, ананы-мынаны шұқылап сөйлеп отыр. Бірақ мен сабырлыққа салып шыдап отырмын. Аллаға тапсырдым», – деді Жұмабике Кадирова.