USD
USD
USD

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ, деп хабарлайды Kazinform. 

Шерзат Болат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Былтыр Ішкі істер министрлігі Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын хабарлаған еді.

Алайда Ішкі істер министрлігі агенттік сауалына жауап беріп, бұл іс бойынша тергеу жұмыстары қазіргі уақытта да жалғасып жатқанын хабарлады.

«Алматы облысының Полиция департаментінде Талғарда кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Одан бөлек ұрлық, бұзақылық, қорқыту және қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша қосымша 8 қылмыстық іс тіркелді. Істің 11 қатысушысына қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», - делінген ІІМ-нің жауабында.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Жақында оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі бейіт маңынан табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сонымен қатар Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян