USD
USD
USD

Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу қашан аяқталатынын айтты.

Шерзат Болат
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. — Талғардағы кісі өлтіру дерегі бойынша жыл соңына дейін қылмыстық іс аяқталады. Қылмыстық істің материалдары танысу үшін ұсынылады. Тергеу аяқталу сатысында. Биылдың аяғына дейін барлық сараптаманы алып, тергеу іс-қимылдарын аяқтаймыз. Осы қылмыстық іс аясында 11 адам қамауда отыр. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады, — деді С. Әділов.

2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Жақында оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі бейіт маңынан табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сонымен қатар бүгін Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалғаны белгілі болды.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трамптан хат алды

Тоқаев, Трамп

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

.

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Temu

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

Бүйрек сату