USD
USD
USD

Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымова үйлі болды

Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы баспаналы болды. 

Перизат Нұрымова
Фото: бейнежазбадан кадр

Алматы, NEGE. Сүйінші жаңалықты белсенді Дінмұхамед Қаматай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Шерзаттың бауыры Перизаттың қайғылы жағдайдан кейін отбасы қиын кезеңді бастан өткерді. Қауіпсіздік мәселесі барлығымызды алаңдатты. Осыған байланысты біз оларға қолдау көрсету үшін жаңа үй сатып алдық.

Бұл үй тек баспана ғана емес, ол – жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың батыр анасы Перизаттың қолдауы болған сіздер. Бұл қадам олар үшін жай ғана баспана емес, болашаққа деген сенім мен жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік береді.

Қоғамдық бірліктің маңыздылығын көрсету үшін, осындай жағдайда қолдау көрсету әрқайсымыз үшін маңызды. Біз Перизаттың отбасына қиын сәтте көмек көрсетіп, оларды жалғыз қалдырмайтынымызды білдіргіміз келеді. Бұл бастаманы қолдаған барлық жанашырларға алғыс айтамыз!», – деді Дінмұхамед Қаматай.

Перизат Нұрымова да игі іске мұрындық болған қазақстандықтарға алғыс білдірді.

«Барша халқыма алғысым шексіз. Үлес қосып, бізге көмектескен жанашыр халқыма алғыс айтамын», – деді Шерзаттың әпкесі.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет