Шерхан Қалмұрза ойнаған құрам Еуро-2026 іріктеуінде жеңіске жетті
Қазақстанның U19 жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Ирландия командасын жеңді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Астана, NEGE. 1-топтың іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Кирилл Кекердің шәкірттері Ирландия құрамасымен кездесті. Матч Нидерландтың Одензал қаласында өтті.
Қазақстан құрамасының негізгі сапында «Қайрат» клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза алаңға шықты. Ол қақпаға бағытталған бірнеше допты тосып, команданы гол соғудан құтқарып қалды.
Кекер командасы кездесуді 1:0 есебімен жеңіспен аяқтады. Жалғыз голдың иесі –алматылықтардың тағы бір шабуылшысы Азамат Тұяқбаев.
Қазір оқып жатыр
Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген
Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген
Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады
ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген